{metadescription}
Жайылымдағы жылқыны атып алып тасыған кәнігі ұрылар ұсталды – ШҚО
Жайылымдағы жылқыны атып алып тасыған кәнігі ұрылар ұсталды – ШҚО

Жайылымдағы жылқыны атып алып тасыған кәнігі ұрылар ұсталды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында жайылымда жүрген жылқыны атып алған мал ұрылары ұсталды! Белгілі болғандай, бұлар маңайдағы ауылдардың төрт түлігін бұрыннан шыр айналдырған кәнігі ұрылар екен. Ұзақ уақыт ұстатпай жүрген олардың көлігін тексеру кезінде малдың қан кеуіп қалған балталар табылды.        

- Білмеймін, тауып алғанмын.

- Қай жақтан?

- Семей жақтан.

- Алапес түсті жылқының еті, иә? Терісімен бірге жатыр, иә?

Ұрланған жылқыны балтамен қақ бөліп, жүк салғышқа салыпты. Тіпті асыққаны сонша, терісін сыпырмай, басы мен аяғын кесе салған. Малды қарумен атқан. Карабинмен бірге көліктің ішінен оқ-дәрілер табылды. Түн жамылған ұрылар олжасын басқа жерде сойып алуға кетіп бара жатқан сыңайлы. Жарма ауданында ұсталған күдіктілердің өңірдегі басқа да мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Онда да дәл осы тәсілді қолданған. Яғни, жайылымда жүрген жылқыны атып, қақ бөліп әкетіп отырған.        

Сағат Мәдиев, ШҚО Полиция департаменті бастығы:

- Олар Семей қаласы, Жарма, Бесқарағай және Аягөз аудандары аумағындағы 13 мал ұрлау фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мал иелері 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.