Елімізде 2 600 шақырым жол жаңадан ашылады
Жол бойындағы ұлттық стандарттарға сай қызмет көрсету орындарының үлесі 58 пайызға дейін жеткізілмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қазір талапқа сай деп саналатындардың үлесі 50 пайыз шамасында екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.06.2020
Бүгінде елімізде республикалық және жергілікті көлік жолдарының бойында орналасқан 1815 қызмет көрсету нысаны бар. Соның тек 894-і ұлттық стандарттарға сай деп саналады. Ал биыл жол бойында санитарлық-гигиеналық қызметі бар 23 май құю бекеті мен тағы 70 санитарлық-гигиеналық қызмет нысанын салу жоспарланған.
Республикалық және жергілікті деңгейдегі 9 жарым мың шақырым автокөлік жолын жөндеу көзделіп отыр. Айта кетейік, елімізде бірінші және екінші санатқа лайық деп саналатын автокөлік жолдарының үлесі 34 пайыз ғана.
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Оның ішінде 4 мың шақырымына қайтадан жол салынып, күрделу жөндеуден өтеді. Республикалық маңызы бар мың жарым шақырым жолға жөндеу жасалады. Ал жергілікті деңгейде 4 мың шақырым жөнделеді. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 2 600 шақырым жол жаңадан ашылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!