{metadescription}
Мәдениет ықшамауданы суға жарымай отыр – Алматы
Мәдениет ықшамауданы суға жарымай отыр – Алматы

Мәдениет ықшамауданы суға жарымай отыр – Алматы

Жаңа әкімнің барынан жоғы артық! Алматыда ауыз суға жарымай отырған жұрт жергілікті биліктің бейқамдығына наразы. Өйткені әкімдіктегілер тұрғындардың арыз-шағымын тыңдауға құлықсыз көрінеді. Аптап ыстықта аңқасы кеуіп амалы таусылған жұрт «орталық су жүйесіне қосылу арманға айналды» деп күйінеді. «Қалада тұрып, ауылдың күйін кештік» деген Мәдениет ықшамауданының тұрғындарын тілшіміз тыңдап қайтқан еді.

Жаз басталғанда Жаннаның жанына ауыз судың жоқтығы батады. Көпбалалы ана түнде ғана сыздықтап ағатын тіршілік нәрін арнайы ыдысқа толтырып, өлместің күйін кешіп отыр.

Жанна Моңқайқызы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жазда мүлдем су болмайды. Осылай кранды ашып қоямыз да, күтіп отырамыз. Түнгі бірде ғана келеді. Осылай ақырын-ақырын жинап аламыз. Бір күні бір баламды, келесі күні тағы бір баламды шомылдырамын. Көрген күніміз осы.

Судың жоқтығы  «Мәдениет» ықшамауданына ортақ мәселе. Аптап ыстықта аңқасы кепкен жұрт жергілікті биліктен қайыр болмаған соң, өз қаражаттарына тіршілік нәрін тартқызыпты. Бірақ оның өзі тамшылап ағып, тұрғындарды титықтатып бітірді.

Қанымжан Дүкенбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Біз әр суды 200-250 мың теңгеге тарқыздық. Содан су алғашында болды. Қазір, жаз айларында, неше жыл болды су – проблема. Ораза айында да ауыз кеуіп, жуынайық десек, су жоқ. Бақшаға салған жеміс-жидектер жайына қалды. Ішетін суға зармыз.

Ашуға булыққан бұқара аудан әкімдері қайта-қайта ауысып, түйіні шешілмеген түйткіл жылдан жылға жиналып қалғанын жеткізді.

Бұл аумақ жекенің қолына өткелі жұрттың әбден берекесі қашқан. Өйткені  бұл – әдениет ықшамауданын қаламен байланыстыратын ең қысқа жол. 49.23 Енді жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер ауданды таба алмай, адасып әбігерге түседі екен. Басы ауырып, балтыры сыздағандарға шұғыл медициналық көмек көрсету мұң болды деген тұрғындар бұл қоршауды алып тастауды талап етті. 

Нұрмұхамбет Дүкенбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бұрынғы жолымыз осы болатын. Жедел жәрдем мен құтқарушылар тез тауып келетін. Орталық көшеге тез шығып кететінбіз. Қазір енді мынаны жауып тастады, білмеймін.

Жаңа ықшамаудан қала аумағына бес жыл бұрын кіріпті. Бірақ бұл уақыт атқамінерлер үшін ауыз су, жол мәселесін шешуге емес, тек жоспар құруға кеткен сыңайлы.

Қанат Әшірбеков, Алатау ауданы әкімінің кеңесшісі:

- Қала шекарасына кейін қосылған ықшамаудан болғандықтан, бұларға жоба жасалынып жатыр. Барлығы жоспарға байланысты. Жоспар дайын болғанда белгілі болады. Жоспар келесі жылға дайындалады.

Ойдым-ойдым жолды өзі тегістеп, жарықты да тартқызамыз деп қалтасы жұқарған жұрт аудан әкімдігіне сенуден қалған. Сондықтан тұрғындар жоспар күйінде қалған жобаны іске асыруға қала билігінен көмек сұрамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде