Павлодар облысындағы дүлей дауылда бозбала мерт болды
Павлодар облысында дауылдың кесірінен бір адам мерт болды. Күшті желден құлаған ағаш 16 жастағы бозбаланы басып қалған.
Автор: Әйгерім Шакаманова
02.06.2020
Дауыл Ақсу қаласындағы қонақ үйдің шатырын да түгел ұшырып әкеткен. Күшті желге бірнеше елді мекендегі мемлекеттік нысандардың да төбесі шыдас бермеді. Жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жеткен дауылдың кесірінен көшедегі ағаштар сынып, маңайдағы көліктер зақымданған. Әп-сәтте облыс орталығының астан-кестеңін шығарған жел бірнеше ықшамаудан тұрғындарын жарықсыз қалдырды. Ал Баянауыл ауданында 16 жастағы бозбаланы ағаш басып қалып, ол ауруханада тілге келмей жан тапсырды.
Самат Асайынов, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Баянауылда желдің күштігі кеше 22 секунд метр болды. 16 жасар балаға құрғақ ағаш құлап, ауруханаға жеткізілгенімен, бозбала қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!