Елде 1 миллион 220 мың адам жұмыспен қамтылады
Елімізде жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан асады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыссыздар деңгейінің артатынын мәлімдеді.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.06.2020
Ресми дерек бойынша, соңғы екі жылда елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз деңгейінде тұрған. Тіпті осы жылдың бірінші тоқсанында да өзгере қоймаған. Ал наурыз айында елде төтенше жағдай жариялануына байланысты 4 миллионнан астам адам жұмыстан босап қалды. Тек сәуірдің 20-сынан бастап қатаң режим жұмсартыла бастаған соң, жұмыссыздар саны 1 миллионға дейін қысқарыпты. Тығырықтан шығу үшін биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!