Теңге нығайып келе ме?
Доллар күн санап арзандап келеді. Бүгін АҚШ валютасының ресми бағамы тағы 5 теңге 77 тиынға арзандады. Осылайша сарапшылардың: «төл ақшамыз бірте-бірте нығаяды» деген болжамы расталғандай.
Автор: Мақсат Мәлік
02.06.2020
Қазір еліміздегі ақша айырбастау орынлдарында АҚШ ақшасы 402 теңгеден, тіпті одан да төменге сатылып жатыр. Ал кеше ғана доллар 409 теңге төңірегінде саудаланған еді.
Айта кетейік, төл валютамыз соңғы бір ай ішінде 23 теңгеге нығайды. Сондай-ақ, бүгін Brent маркалы мұнайдың 1 баррелі 39 доллардан асты. Бұл наурыз айынан бергі алғашқы жақсы көрсеткіш. Экономистердің айтуынша, егер мұнай құны 45 долларға жетсе, 1 АҚШ доллары бұрынғыдай 380 теңгеге тең болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!