{metadescription}
Кәріз құдығында уланған жұмысшылар комада жатыр 
Кәріз құдығында уланған жұмысшылар комада жатыр 

Кәріз құдығында уланған жұмысшылар комада жатыр 

Алматыда кәріз құдығынан құтқарылғандар комаға түсіп қалған. Алматы-су мекемесінің екі жұмысшысы кеше суық судың есептеуіш құралын тексеремін деп жол бойындағы құдыққа түсіпті. Сол жерде уланып қалған олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Қамбар Байжігітов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары:

- Екі науқастүсті. Ес-түссіз, ауыр жағдайда. Диагноз қойылды. Күкіртсутекпен ауыр жағдайда зақымдануы, мидың зақымдануы. Бүгінгі күнге дейін екі науқасжан сақтау бөлімінде жатыр.

Қазір 25 жасар жігіт арнайы аппараттан ажыратылыпты. Ал 42 жастағы жұмысшы жасанды тыныс алу жүйесінде. Екеуі де жансақтау бөлімінде.

Оқиға кеше болды. Алматы-су мекемесінің қос жұмысшысы Қалқаман ықшамауданындағы кәріз құдығына түскен. Олар құдық ішіне жиналған газға уланып, есінен танып қалған. Сөйтіп қайта сыртқа шыға алмапты. Артынан сол маңнан өтіп бара жатқан Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері мен тағы бір ер адам зардап шекендерді құдықтың ішінен алып шыққан. 

Ержан Әбдіразақов, Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері:

- Кәріздің ішінен екі адамды көріп, сосын сол жердегі жігіттерге айқайлап су алдыртқыздық. Суды ашып, кәріздің ішіндегі адамдарға құйып едім, тірі екенін байқатты. Беті жыбырлады. Содан кейін уақыт жоғалтпайын деп, шара қолдандым деп айтса да болады. Түсіп, сол жердегі жігіттермен жабылып жүріп алып шықтық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде