{metadescription}
Қатты дауыл Ақтоғайдың астаң-кестеңін шығарды – Қарағанды облысы 
Қатты дауыл Ақтоғайдың астаң-кестеңін шығарды – Қарағанды облысы 

Қатты дауыл Ақтоғайдың астаң-кестеңін шығарды – Қарағанды облысы 

Қарағанды облысында дүлей дауыл Ақтоғай ауданы орталығының астаң-кестеңін шығарды. Жойқын жел ауылдағы 30-дан аса ғимаратқа зақым келтіріп, ел электр жарығынсыз қалған.

Ауа райының бұлай қас пен көздің арасында құбылуын ел күтпеген. Бір мезетте екпіндеп келген дауыл ауылдың бір шетін екіншісіне қарай сүре жөнеліпті. Артынша бұршақ аралас жауын төпеп, тіпті есті шығарған. Апаттан 20-дан аса тұрғын үй мен 12 әкімшілік ғимараттың шатыры жұлыныпты. Олардың арасында жергілікті әкімдік, мектеп, балабақша, мәдениет үйі сияқты нысандардың бәрі бар. Дүлей дауыл электр желілерін үзіп, бағаналарды құлатқан соң, ауыл жарық пен ұялы байланыстан ажырады. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп, шығын есептеліп жатыр.

Нұрмұхамед Интуев, Қарағанды облыстық ТЖД басқарма бастығы:  

Жергілікті органдардың арнайы комиссиясы құрылды. Табиғи апаттың шығыны анықталуда. Қазір Ақтоғай ауылында ұялы байланыс жоқ. Электр жүйесі қалпына келтірілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде