{metadescription}
Қап-қап антисептиктерді қоймада шаң басып жатыр   
Қап-қап антисептиктерді қоймада шаң басып жатыр   

Қап-қап антисептиктерді қоймада шаң басып жатыр   

Алғашында жетіспесе, қазір артылып жатыр. Төтенше жағдай режимінде залалсыздандыру сұйықтығын өндіруге көшкен отандық кәсіпорындар енді оны қайда жіберерін білмей отыр. Тіпті елімізде қорғаныш құралдары мен бетперделерді өндіру екі есеге артқан. Дәріханаларда да медициналық бетперде бұрыңғыдай өтпей қалған. Сұраныс азайса, медициналық өнімдердің бағасы түсе ме?

Пандемия кезінде қызметін басқа бағытқа бейімдеген цех күніне 10-15 тонна антисептик өндірген. Өндіріс ошағының басшысы екі ай бұрын Петропавл қаласының тасымалдаушылары ұзын-сонар кезекке тұрып, залалсыздандыру сұйықтығы ыстық бәліштей тез өтіп кететінін еске алды. Ал қазір жағдай басқаша. Қыз-қыз қайнаған тіршілік тұралап, қап-қап антисептиктер қоймада шаң басып тұр. 

Андрей Генне, өндіріс цехінің басшысы:

- Қазір сұраныс жоқ. Жұмысты тоқтатуға мәжбүрміз. Оған қоса, бұл цехте бұрын сабын шығарылатын. Біз екі тәуліктің ішінде қажетті заттарды алып, залалсыздандыру сұйықтығын өндіруге көшкенбіз. Қоймада 45 тонна анисептик тұр. Өнім бұрыңғыдай өтіп жатқан жоқ. Өйткені, қауіпті кеселге сенбейтіндер көбейіп барады.   

Алғашында жұрт жанталасып жер-көктен іздеп таппаған бетперделер де қазір самсап тұр. Тіпті дәріханалардың есіктерінде «бетперде жоқ» дегеннің орнына «бар» деген жазу ілінген. Фармацевтер бұл медициналық өнімге сұраныс бірден екі есеге азайғанын айтып отыр. Жеткізуші компаниялар сан түрін әкеліп, шертіп жүріп таңдауға көштік дейді. 

Айгүл Шаяхметова, фармацевт:

Карантин кезінде масканы 10, 20, 50-ден де алғандар болды. Қазір көшеде тағуға, метроға кіруге бір-екеу ғана алынады. Карантин азайғалы бетперде күніне 500-600 дана өтеді. Ал наурыз бен сәуір айларында күніне 1000-нан аса өтіп жатты. 

Күні кеше ғана Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов залалсыздандыру құралдарын өндіру «тәулігіне 170 мың литрден асты» деп мақтанған. Сондай-ақ, ол екі ай бұрын 170 мың дана медициналық бетперде шығаратын фармацевтикалық кәсіпорындар бұл көрсеткішті 340 мың данаға жеткізгенін мәлімдеді. Бірақ медициналық өнімдерге сұраныс азайғанымен, баға сол қалпы. Бұл мәселені ведомство басшысы құзырлы органға сілтеді.

Жауапты министрлік «аузы күйген үрлеп ішедінің» керін келтіріп отыр. Себебі, коронавирустың белгілері отандастарымыздан алғаш рет анықтала бастағанда дәріханаларда қорғаныш құралдарының жетіспеушілігі сезіліп, нағыз дүрбелең болған еді. Енді медициналық өнімдерді артығымен дайындаған кәсіпорындар оларды қайта өткізерін білмей басы қатқан. Қоймаларда қап-қап болып үйілген қорғаныш құралдары алдағы уақытта кәдеге жарай ма? Ол енді уақыттың еншісінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде