{metadescription}
Ақтөбе зауытында болған жарылыста тағы бір жұмысшы қайтыс болды
Ақтөбе зауытында болған жарылыста тағы бір жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбе зауытында болған жарылыста тағы бір жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбеде хром қосындылары зауытында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір жұмысшы қайтыс болды. 32 жастағы ақтөбелікті аман алып қалу үшін дәрігерлер бір апта бойы барын салды, бірақ жұмысшының беті бері қарамады.

Алты күн бұрын №4 цехта елу текше метрлік бөшкені тазарту кезінде ыстық бу ұрып, төрт жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Сол жердегі екі адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті. Солардың бірінің денесінің түгі қалмай күйіпті. Үш баланың әкесі Азамат Тоқабаев есін жимаған күйі жан тапсырған. Ал оның қасындағы екінші жұмысшының денесінің жартысына жуығы күйген. Қазір жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер оны екі ай бойы орнынан қозғамаймыз дейді.

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы қайғылы оқиғаға байланысты цехтың үш бастығы қамауға алынған болатын. Оларға жұмысына салғырт қарады деген айып тағылып отыр.

Ерғали Базарқұлов, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Азамат Тоқабаевтың денесінің 65-75 пайызы күйген. Тыныс алу жолдары зақымданған. 28-мамырдан бері жан сақтау бөлімінде жатты. Бүгін түнгі үште қайтыс болды. Ал екінші азаматтың денесінің 40 пайызы күйген. Ол есіне келді, сөйлеуге шамасы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.