{metadescription}
Мектеп түлектері отырған көлік әкімдік ғимаратына соғылды – Қарағанды
Мектеп түлектері отырған көлік әкімдік ғимаратына соғылды – Қарағанды

Мектеп түлектері отырған көлік әкімдік ғимаратына соғылды – Қарағанды

Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер жеңіл көлікпен жүйіткіп, облыстық әкімдік ғимаратына соғылып бір-ақ тоқтаған. Тізгіндегі 17 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі де жоқ.

Зәулім ғимаратқа көлікті соққан бозбала алғашында «жолымды басқа көлік кесті» деп ақталған. Алайда оны куәгерлер жоққа шығарды. Болжам бойынша бұлар мектептердің біріндегі соңғы қоңырау меркесінен келе жатқан екен. Ешқайсысы жарақат алмаған. «Жүргізуші мас болмаған», - дейді полицейлер. Көлік 17 жастағы бозбалаға тиесілі екен. Сондықтан  кәмелетке жетпегенге тізгін ұстатты деп ешкім айыпталмайды. Мектепті бітіре сала, қымбат көлікті тақымдаған баланың отбасы Жеңіс Қасымбек отыратын ғимараттың қираған тұсын жөндеуі тиіс. Салынатын айыппұл тағы бар.

Ерлан Ақылбеков, Қарағанды қалалық ПБ бастығының орынбасары:

- 18-ге толмаған бозбала жол оқиғасынан еш жарақат алған жоқ. Көлік өз атына алынған, бірақ куәлігі жоқ. Жол ережесін бұзған азамат 60 АЕК айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде