{metadescription}
Репортаж: Кешіккен соңғы қоңыраудың ерекшелігі 
Репортаж: Кешіккен соңғы қоңыраудың ерекшелігі 

Репортаж: Кешіккен соңғы қоңыраудың ерекшелігі 

Бүгін еліміздің барлық өңірінде соңғы қоңырау үнін мектеп бітірушілер ғана естіді. Өйткені карантинге қатысты мерекелік шараларға тыйым салынған. Сондықтан түлектерге ғана шағын салтанатты жиын ұйымдастырылып, аттестат табысталды. Санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, тек мектеп ауласында шағын шара өткізуге рұқсат етілген.

Бүгін еліміздегі түлектеріне соңғы қоңырау қағылып, аттестат табысталды. Биылғы қоштасу кешінің өзгеше форматта өтуі - пандемияға тікелей байланысты 11-сынып оқушыларының ұнжырғасын түсіргені жасырын емес. Салтанатты шараға да  медициналық бетпердемен келіп, екі метр ара қашықтықты сақтау міндеттелді.

Ешқандай ойын-сауық шаралары болмайды, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тіпті мектеп ауласында өткізілген рәсімге жастар қатаң қадағалаумен кірді. Әрі соңғы қоңырау әр бітіруші сыныпқа жеке-жеке ұйымдастырылған.

Ғайша Сапарова, Алматы қаласы Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Биыл Алматы қаласында 9299 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Олардың ішінде 548 бала – Алтын белгіге. 746 бала үздік аттестатпен аяқтады. Пандемияға байланысты бүгінгі аттестат тапсыру және соңғы қоңырауды түлектерге арнап екі іс-шараны біріктіріп өткізіп жатырмыз.

Талапкерлердің мектеп қабырғасындағы соңғы мерекелік кешіне тек ата-анасымен келуге рұқсат етілген. Мәселен, Қарағандыдағы «Дарын» мектеп интернаты мерейтойлық 20-шы түлектерін ерекше шығарып салуды ертеректен жоспарлапты. Алайда карантиннін кесірінен сән-салтанаттың бәрі сап тыйылды. «Мектеп бітіру кеші мүлдем болмай қала ма?» деп алаңдаған түлектер, осыған да шүкір етуде. 

Нұрбереке Қонысбай мектеп түлегі:

- Аяқ астынан осындай карантин жағдайы енгізілгеннен кейін көңіліміз түсті. Бірақ қазақ тілінің мұғалімі Назипа Алибаевнаға алғысым шексіз. Себебі, ол кісі қиын сәтте бізге: «сендер ерекше балаларсыңдар, сондықтан биылғы жағдай ерекше болып жатыр» - деп бізді жұбатты. Сол сөзден кейін көңілім орнына түсті.

Нұр-Сұлтан қаласында да жалындаған жастар әріректен тұрып, аттестатын алшақтан алды. Мұнда да алдын ала дайындық болмаған. Тек мектеп формасымен келу тапсырылыпты. 

Жеңісгүл Нүсіпжан, Нұр-Сұлтан қаласы №74 мектеп-гимназиясының директоры:

- Әскери мамандандырылған мектеп емес, біздің мектебімізде де жас сарбаздар классы ашылды. Биыл үшінші түлек бітіріп жатыр. Сондықтан мен балаларға кішкене сыйластық ретінде, сол балалармен бірге болу мақсатында, осы үлгіде, кадет сыныбына әскери киіммен шықтым.

Түлектерге арналған қос мереке ертеңге дейін жалғасады. Өйткені кейбір мектептерде 11 оқитын сыныптар саны көп. Десе де түлектерге ең басты уайым салтанатты шара емес – ұлттық біріңғай тестілеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде