{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосылмайды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосылмайды

Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосылмайды. «Комсомольская правда» газетіне сұхбат берген мемлекет басышысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл елдермен тек екі жақты форматта және интеграциялық бірлестік аясында тығыз қарым-қатынаста болатынымызды қадап айтты.

«Қазақстан үшін Ресей қашан да сенімді серік болған, әрі қарай да екі ел арасындағы достықтың жалғаса береді», - деді президент. Өйткені соңғы кездері «Қырым мен Донбасстағы жағдай Қазақстанда қайталануы мүмкін» деп сырттай тон пішіп жүрген сарапшылар бар. Президент ішкі тұрақтылықты бұзып, көршілермен араздықты қоздыру үшін әдейі жаңсақ сөйлейтін мұндай азаматтарды «қаскүнемдер» деп атады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев латын қарпіне біртіндеп көшетінімізді айтып, жаңа әліпбиі тек қазақ тіліне қатысты екенін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:  

Латын әліпбиіне Орта Азия елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып біртіндеп көшеміз. Себебі, бұл кириллицаны латын қарпіне көшіре салу емес. Қазақ тілінің орфографиясы өзгереді. Сондай-ақ қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектері кириллицада жазылған. Бізге дейінгі буын кириллицамен білім алды, ала да береді. Сондықтан асығыстық жасап, бұл істі бүлдіріп алмауымыз керек.

                                                                                                «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатынан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде