{metadescription}
Елордада аурухана қызметкерлері үстемақы тұрмақ, тиесілі жалақысын ала алмаған
Елордада аурухана қызметкерлері үстемақы тұрмақ, тиесілі жалақысын ала алмаған

Елордада аурухана қызметкерлері үстемақы тұрмақ, тиесілі жалақысын ала алмаған

Елордада коронавирус індетінің бел ортасында жүрген аурухана қызметкерлері наразылық білдіруде. Қала іргесіндегі фтизиопульмонология орталығының жұмысшыларына карантин басталғанда басшылары үстеме ақы уәде еткен екен. Тіпті мамандар қызметін карантин талаптарына сай атқару үшін сәуірден бері екі ай жұмыстан шықпай, сонда жатып қызмет атқарған. Алайда үстемақы тұрмақ, тиесілі жалақысына да жарымай қалған.

Вирус дендеген тұста физиопульмонологиялық орталықтың қызметкерлері де күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Тіпті демалыссыз қызмет атқарған кездері де болыпты. Басшылары сол кезде «үстемақы төлейміз» деп уәде еткен екен.

Бимолда Төңкішев, жүк тасушы:

- Қоқыс шығарамыз. Бізді «байланыста болған» деп үйге жібермейді. Осында жатқанымызға екі айдай болып қалды. «Төлейміз» деп уәде берген, бірақ төлемей жатыр. Жалақының өзін кешіктіріп береді.

- Қаншаға кешіктіріп жатыр?

- Міне, бір айдан асып кетті.

«Еңбегімізді жеп жатыр» деп жәрдем сұрағандардың саны 40 шақты. Басым көпшілігі – жүргізушілер, кір жуушылар және жүк тасуға жауаптылар. Қауіпті вирусқа шалдыққандармен, науқастардың киім-кешектерімен күнделікті байланыста болатын олар: неліктен үстемақыдан қағылғанын түсінбей дал.

Нұрболат Елубаев, жүргізуші:

- Қалалық жедел жәрдемде ғана жүретін жүргізушілерге ғана ақша төлену керек екен. Ал бізге төленбейді екен. Снат бойынша. Біз сонда қай санатқа жатамыз? Бір Алла біледі. Бізге ешкім шығып, жауап бермейді. Ақшамызды үзіп-үзіп береді.

Уәделі үстемақыны ала алмаған соң, шағымдарын қағазға түсіріп, премьер министрге де жолдапты. Әзірге жауап жоқ. Ал камераға түсініктеме беруден қашқақтаған мекеме басшысынан суыртпақтап жүріп сұрап алғанымыз мынау болды:

Мұхтар Төлеутаев, Көпсалалы медициналық орталықтың директоры:

Наурыз айынан бері осы санатқа кірмей қалған қызметкерлерімізге өз қаржымыздан айлықтарын 2-3 есе етіп төлеуге шешім қабылдадық. Бұл бюджеттік қаржы емес. 

Негізінде, қауіптілігі аса жоғары, жоғары және орташа деген үш санат бойынша үстемақы төленеді. Ал шағымданған мамандары бұл санаттың ешбіріне кірмейді екен. Түсірілім аяқталысымен медициналық мекеме басшылығы қызметкерлеріне шүйлігіп, «берген сұхбаттарыңнан бас тартыңдар» деп талап етіпті. Ұлардай шулаған ұжым енді «прокуратураға шағымданамыз» деп бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде