{metadescription}
Covid-19: Батыс өңірдегі жағдай. Бас санитардың мәлімдемесі
Covid-19: Батыс өңірдегі жағдай. Бас санитардың мәлімдемесі

Covid-19: Батыс өңірдегі жағдай. Бас санитардың мәлімдемесі

«Алматыда карантин қайтадан күшеюі мүмкін». Оңтүстік астананың бас санитары осылай деп мәлімдеді. Жандарбек Бекшин мұндағы шипажайлар мен лагерлердің, бассейн және ойын-сауық орындарының ашылуына қарсы. Ал еліміздің батыс өңірінде індеттің беті қайтар емес. Вирус анықталғандардың дені – мұнайшылар мен олардың жақындары.

Алматылықтар биылғы жаздың рахатын әзір көре алмайтын сияқты. Блок-бекеттер алынып, қатынас реттелгенімен, күн ыстықта жағалауға барып шомылуға, саябақта қыдыруға рұқсат жоқ. Қаланың бас санитар дәрігері карантинді «қайта күшейтемін» деп ескертіп отыр. Өйткені індеттің беті қайтпай, соңғы бір тәулікте оңтүстік астанада 39 адам вирус жұқтырыпты.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәіргері:

Ашық бассейндер, саябақтар, скверлер, сауда мен ойын-сауық стракциондар іске қосылмайды. Қаланың сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру нысандар, шипажайлар ашылмайды.

Батыс Қазақстан облысында бір күнде коронавируспен 40  адам ауырған. Олардың 30-ы жақындарынан індет жұқтырса, қалғаны инфекция ошағына айналған мұнай кен орындарының жұмысшылары.

Әдемі Хасанова, БҚО Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Екі адам Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Сонымен қатар үш адам – Атырау облысы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын өз жерлестеріміз. Бес адам профилактикалық зерттеу бойынша, ал 30 адам бұрын коронавирустық инфекция анықталған адамдармен қарым-қатынаста болғандардан табылып отыр.

Ақтөбеде профилактикалық тексеруде 14 адамнан вирус табылды. Соңғы бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандар арасында медицина қызметкерлері бар. Мұны әріптестері растағанымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары жоққа шығарып отыр.

Індет жұқтырғандардың нақты саны 11 796-ға жетті. Оның жартысы жазылып, үйіне жіберілген. Ел бойынша ең аз вирус тіркелген аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы. Ол жақта осы күнге дейін 61 адам коронавируспен ауырыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде