{metadescription}
Тапа-тал түсте жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті – Алматы
Тапа-тал түсте жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті – Алматы

Тапа-тал түсте жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті – Алматы

Алматыда тапа-тал түсте жолаушылар автобусы отқа оранды. Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытқа жүйткіген көліктің әуелі артқы жағы жана бастаған. Шарпыған жалынды айнадан байқап қалған жүргізуші жылдам тежегішті басып, жолаушылардың сыртқа шығуына көмектесіпті. Содан кейін өз бетімен өртті сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жау ырық бермеген. 

Бектұрсын Шөнеев, көлік жүргізушісі:

Соңғы аялдамаға жақындап қалғанмын. Бір аялдама қалған. Алты адам: бір  кемпір, қалғаны екі-үш әйел. Соларды шығардым. Әже шықпай қойды, аялдамадан шығамын деп, Әрең шығардық, «жанып жатыр» деп. Содан өрт сөндіргіш құралды әкеліп шаштық, болмады.

№45 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі өртті санаулы минутта өршіген соң, өзі де сыртқа қашып, құжаттарын әрең алып үлгеріпті. Отпен алысқан ол қолын күйдіріп алған. Алайда алғашқы дәрігерлік көмектен соң, ауруханаға барудан бас тартты. Абырой болғанда жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Бірақ газбен жүретін автобус әп-сәтте түгі қалмай жанып кетті. Жүргізуші мен куәгерлердің айтуынша, қызыл жалын күшіне мінгенде жарылыс болған. Бірақ төтеншеліктер мұны жоққа шығарып отыр. Өрттің себебі бір аптадан кейін анықталады. Төтеншеліктер тілсіз жауды сегіз минутта ауыздықтағанымен, алапат жалын жол шетіндегі тұрақта тұрған көліктерді де шарпи жаздаған. 

Әділ Өзжігіт, оқиға куәгері:

- Осы жердегі бизнес орталықта жұмыс істеймін. Күзетші жүгіріп келіп: «көліктеріңді алыңдар, автобус жанып жатыр» деді. Көлігімді жанұшыра басқа жаққы алып кеттім. Сәлден соң жарылыс болды. Полицейлер Назарбаев даңғылын екі жақтан жауып тастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде