{metadescription}

Кәсіпкерлер сау етіп кіріп келген комиссияға қарсы шықты

Алматылық кәсіпкерлердің бір тобы бүгін тексеруге сау етіп кіріп келген комиссияға да қарсы шықты. Айтуларынша, тазалық талабын тексеріп жатқан мониторинг тобы тырнақтың астынан кір іздейді! Ашылғанына әлі бір апта болмаған дәмхана мен сұлулық салондардың иелері қажетті бетперде мен резеңке қолғапты, тіпті антисептиктерге дейін алған. Алайда тексерушілер енді сол заттардың сертификатын сұрап әлекке салып жатыр екен.

Бетпердесінің құжаты болмай шыққан бірнеше кәсіпкерге бүгін хаттама да толтырылды. Айыппұл арқалап, жыларман болған кәсіпкерлердің жанайқайы.             

Кәсіпкерлерге ашылуға рұқсат берген әкімдік тәртіптке мойынсынбағандарын осылай алды-артына қаратпастан айыппұл салып жатыр. Бетпердесі жоқ дүкен иесі көзді ашып-жұмғанша қомақты айыппұл арқалады. Бірнеше құзырлы орган қызметкерлерінен құралған тексеруші топ ешкімді аяп жатқан жоқ.         

Ал дәмхана қызметкерлерінің бәрінің бірдей бетпердесі бар екен. Тіпті артығымен бума-бума. Бірақ сонда да айыппұлдан құтылмады. Сау етіп кіріп келген тексерушілер енді осы заттардың сертификатын сұрап, дәмхана қожайынын әбден састырды.   

Айгүл Бибисова, кәсіпкер:

- Әділетсіз! Біз енді ашылдық! Антисептик бар. Оның сертификатын сұрайды. Дүкен, дәріханада сертификатпен сатпаса, оны қайдан табамыз? Неге онда дәріханаларды тексермейді?! Оны біз тікпейміз, өзіміз жасамаймыз, біз тек сатып аламыз. Сатып алған жерде бар шығар құжаттары, біз оны неге алуымыз керек? Соны түсінбеймін.

Осылай деп көз жасын көлдеткен кәсіпкер сотқа жолдаманы құшақтап қала берді. Карантиннен кейін қарызға кіріп кәсібін ашып жатқан жалғыз бұл кәсіпкер емес. Сауда үйінің бір бұрышын жалға алып сұлулық салонын ашқан бойжеткен де резеңке қолғап, бетперде – қажеттінің бәрін сатып алған. Алайда оның да сертификаты болмай, сотқа жолдама алды.

- Маған тіпті бір қағаз жіберген жоқ! Менің ашуланатыным сол, бізге 100 АЕК  саламыз дейді. Егер бізге 100 АЕК салса, салық төлейміз бе, жалға алу ақшасын төлейміз бе? Мына заттарды аламыз ба? Әлде қызметкердің жалақысын береміз бе?

Тексеруші топтың кәсіпкерлердің шағымын тыңдауға уақыты болмай шықты. Десе де араға телеарна араласқан соң, істі сотқа жеткізбейтін боп шешті.    

Рүстем Әріпбаев, Түрксіб айданы әкімдігі кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті басқару бөлімінің бас маманы:

Енді оның бәрі БАҚ-да жарияланып жатыр. Тым болмаса бір қағаз жібере алмайсыздар ма? Біз үлкен ұйымбыз. Үлкен ЖШС. Ол барлық жерде көрсетілген.Осы камера алдында бізге уәде бересіздер ме? Мына жерде 300 мың айыппұл салынбайды деп, біз бәрін орындаймыз. Уәде береміз (қол алысады). 

Карантинде талап сақтау міндетті. Дегенмен кәсіпкерлер де тексерушілер «шаш ал десе, бас алатын» әрекет жасамаса дейді.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Кеше

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде