{metadescription}
Нұрлан Садықов жемқорлықпен күрес агенттігінің тергеуіне алынды  
Нұрлан Садықов жемқорлықпен күрес агенттігінің тергеуіне алынды  

Нұрлан Садықов жемқорлықпен күрес агенттігінің тергеуіне алынды  

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қолға түсті. Нұрлан Садықов қазір Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің тергеуіне алынған.

Агенттіктің мәліметіне сенсек, ол Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік шара ұйымдастыратын компаниямен ауыз жаласып, 10 миллион теңге пара алған деген күдік бар. Сол мерекелік думанға 195 миллион теңге бөлінген екен.

Наурыз мейрамы биыл тойланбады. Соған орай ақша да бөлінбеді деп, Мәдениет басқармасынан жауап алғанымыз әлі есте. Ал жемқорлық үшін ұсталған шенеунік үшін қай бастықтың отставкаға кету керектігі тағы  айтылмады. Еске салсақ, күдікті Нұрлан Садықов 2019 жылдың тамызында осы лауазымына тағайындалған. Бұған дейін Алматы қаласында Мәдениет басқармасының басшысы болған еді.

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі:

- Сыйбайлас жемқорлықпен күрес қызметі тарапынан сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қамауға алынған. Тергеу амалдарының басқа деректері әзірге жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде