Алименттен қашып жүргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Төленбеген алимент 6 миллиард теңгеден асты. Сондықтан алимент төлеуден қашып жүргендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды күшейту керек. Сенаторлар бүгін осындай мәселе көтерді.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.06.2020
Депутаттардың айтуынша, заңға сәйкес еңбекке жарамды ата-аналар балаларын асырап-бағуға міндетті. Сондай-ақ, сот орындаушысы қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізе алады. Бірақ тергеушілер заңның кей солқылдақ тұсын пайдаланып, олардың іс-әрекетінде қылмыстық бұзушылық құрамы жоқ деп, іс жабылып қала береді екен. Сондықтан балалардыңалдында борышкерлер қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек дейді. Ал Әділет министрлігі заңды күшейтуден гөрі, басқа жолын ұсынып отыр.
Наталья Пан, ҚР Әділет вице-министрі:
- Мәселен, әділет органдары әкімдіктермен бірлесіп сондай қарызы бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жоспар құрды. Одан бөлек, қазір Сенат қарауында жатқан заң жобасы бойынша, ондай қарыздар азаматтарға іздеу жариялауды жеңілдету көзделіп отыр. Яғни, іздеу жариялауды қиындататын кей әкімшілік кедергілер алынып тасталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!