{metadescription}
Жалп етіп құлаған жолбарыстың жағдайы анықталды – Қарағанды
Жалп етіп құлаған жолбарыстың жағдайы анықталды – Қарағанды

Жалп етіп құлаған жолбарыстың жағдайы анықталды – Қарағанды

Қарағанды хайуанаттар бағында балалардың алдында жалп етіп құлаған жолбарыс елдің есін алды. Төрт тағандап тұра алмай, бірнеше рет кескен теректей сұлаған аңның жағдайына жұрт желіде алаңдаушылық білдіріп жатыр.  

Жыртқыштың оғаш қылығы түсіріліген бейнекадрлар жұртты шошытты. Желідегілер қамаудағы аңға қарау болмай, «аштан бұратылып жатыр» деп шулады. Екіншілері зообақты жауып, аңдарды еркіне жіберу керек дейді. Талаптарын тіпті президентке жеткізуге бекінгендері бар. Сөйтсе, 13 жастағы Гауһар есімді жолбарыс әбден қартайған екен. 2018 жылы Алматының зоообағынан сыйға алынған оның ағзасында талма ауруы бұрыннан бар көрінеді. Үнемі дәрігерлердің бақылауында болғандықтан, Қарағандыдағы екі жылында онысы байқалмапты. Алғашқы белгісінен кейін қазір бақылауға қайта алынып, дәрі-дәрмек беріліп жатыр.    

Серік Рысбек, Қарағанды зообағының бөлім меңгерушісі:

- Аңда енді кінәрат жоқ деп айта алмаймыз. Сондай бір мезетте боп қалды. Міне қазір алдарыңызда көріп тұрғандай, аңның көңіл күйі тамаша. Біз, мысалы, міне, тұрмыз, ал бұл ырылдап айбат шегіп тұр. Ауырған жағдайы білінетін болса, ол бізге ырылдауға да шамасы келмес еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде