Зеленский ереже бұзса, айыппұл төлеуге дайын
Кофе ішемін деп басы дауға қалды. Украинаның Ішкі істер министрлігі ел президенті Владимир Зеленскийдің карантин режимін бұзған, не бұзбағанын тексеріп жатыр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
05.06.2020
Хмельницкий облысына ресми сапармен келген мемлекет басшысы жергілікті кафелердің біріне кірген. Соның ішінде кофе ішіп отырған фотосы лезде әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Егер де карантин тәртібін бұзғаны расталса, онда 17 мың гривна, яғни біздің ақшамен 250 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Ал Зеленскийдің өзі ережені бұзған болса, айыппұл төлеуге дайын екенін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары