{metadescription}
Коронавирусқа қатысты жаңа антирекорд
Коронавирусқа қатысты жаңа антирекорд

Коронавирусқа қатысты жаңа антирекорд

Коронавирусқа қатысты жаңа антирекорд. Бразилия КОВИД-19-дан қаза тапқандардың саны бойынша үшінші орынға шықты. Вирус дүрбелеңі басталғалы бұл елдің 34 мың азаматы көз жұмған. Соңғы тәуліктің өзінде мың жарым бразилиялық коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Коронавирусты жұқтыру жағынан да Бразилия сүреңсіз статистиканың алдыңғы қатарында тұр. Бір тәулікте 31 мың адамнан індет белгісі анықталды. Осыған дейін елді дүрлікпеуге шақырып, карантин режимін қатайтуға қарсы болған президент Жаир Болсонар халық алдында сенімнен айырылған сияқты. Өзі тұмауға теңеген вирустың алдын алмаса салдары қандай боларына енді көзі жеткендей.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде