Шомылатын арнайы орны ашылмаған Ертісте суға кеткендер көбейді
Семейде суға кетіп қаза тапқандардың саны артып барады. Қазіргі уақытта үш адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Оның біреуі – бала. Ертісте салқындап алғысы келетіндер көп-ақ.
Автор: Ұлан Нұрахмет
05.06.2020
Марат Жолдасбаев, Семей қаласының тұрғыны:
- Ертістің кей жерінің ағыны қатты. Жағажай жасап, тұрғындардың жазғы уақытында демалуына жағдай жасауға болушы еді.
Ал құтқарушылар мен полиция қызметкерлері рейд жүргізіп, оқыс жағдайдың алдын алуға тырысып жатыр. Өйткені жағада қызық қуған ата-аналар балаларын көп жағдайда қараусыз қалдырады. Ішімдік ішіп суға сүңгитіндер де көп. Құтқарушылар алдағы уақытта суға батып өлгендердің саны күрт арта ма деп алаңдаулы. Себебі, шаһарда тұрғындар үшін шомылатын арнайы орынның қашан ашылары белгісіз.Тіпті жергілікті биліктің өзі мұны дөп басып айта алмай отыр. Бұған 5 миллион теңге бөлінген дейді.
Светлана Зәуірбекова, Семей қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:
- Жағажай жасауға жоба әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Бірақ оның қашан дайын болатыны белгісіз. Кейбір мекемелердің де рұқсаты керек. Сондықтан шаһарда биыл шомылатын арнайы орын салынбай қалуы мүмкін. Дегенмен өзендегі қауіпті аймақтарға белгі қоюды қолға аламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!