Еліміз 4 миллиард 300 миллион теңге үнемдеп қалды
Токио олимпиадасының кейінге шегерілуінен ел бюджеті 4 миллиард 300 миллион теңге үнемдеп қалды. Мәдениет және спорт министрлігінің есебі осындай. Спортшылардың дайындығына бөлінген бұл қаражат қайтадан бюджет қоржынына түскен.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
05.06.2020
Пандемия кесірінен биылғы Токиодағы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылғаны мәлім. Сондай-ақ, талай облыстық, республикалық және халықаралық додалардың барлығы кейінге қалды. Осының есебінен бюджеттік қаржыны да үнемдеуге мүмкіндік туған. Қазір спортшылар 1-маусымнан бастап жаттығуына қайта оралды.
Ендігі жоспар бойынша Токио олимпиадасы 2021 жылы шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтуі керек. Әзірге спортшыларымыз 52 лицензия олжалаған. Ал жалпы жүзден аса жолдама алу көзделіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!