Күшікті азаптап өлтіргендер кешірім сұрады – Алакөл ауданы
Алматы облысында күшікті асқан жауыздықпен өлтірген жасөспірімдер ұсталды. 15 және 16 жасар бозбалалар үй жануарын тірідей өртеп жіберген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
05.06.2020
- Міне, күшікті бастайын деп жатырмыз. Міне, бензин. Кайфпен өлсін.
Әлеуметтік желіде тараған видеоны жайбарақат көру мүмкін емес. Қатігез балалар алдымен қаптағы күшіктің үстіне бензин құяды. Кейін оған от тастаған. Жалыннан жан ұшырған үй жануары қыңсылап қаша жөнеледі. Ал бозбалалар күшіктің қиналғанын видеоға түсіріп, өз әрекетін сүйсіне тамашалауда. Жантүршігерлік оқиға өткен сейсенбіде Алакөл ауданындағы Қабанбай батыр ауылында болыпты. Ұсталған балалар күшікті азаптап өлтіргенін мойындап, мұндай жауыздыққа «қызық үшін бардық» деп отыр. Жаға ұстатар жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
- Видеодағы итті өртеген біз боламыз. Біз осы істеген қателігіміз үшін кешірім сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!