{metadescription}
Кәсіпкерлерді алаңдатып, туристерді толғандарған мәселе
Кәсіпкерлерді алаңдатып, туристерді толғандарған мәселе

Кәсіпкерлерді алаңдатып, туристерді толғандарған мәселе

Алакөлдің шығыс жағалауы туристерге арманға айналуы мүмкін. Осылай дабыл қаққан шығысқазақстандық кәсіпкерлер облыс әкімінен араша сұрайды. Олардың айтуынша, коронавирусқа құтысты енгізілген жаңа шектеулер Алакөлдің шығыс жағалауындағы туристік индустрияны тұралатып, кәсіпкерлер орасан зор шығынға батады. Өйткені жаңа талаптарға сәйкес, маусым басталғанда аймаққа ағылатын ағайынның қатары күрт төмендейді. Тіпті қазірдің өзінде туристер бұл жаққа барудан бас тартып жатқан көрінеді.

Демалыс маусымын алақанын ысқылап асыға күткен шығысқазақстандық кәсіпкерлердің берекеті қашқан. Жағалаудан жан баққандар: «Коронавирусқа қатысты өңірдің бас санитары шығарған қаулы биылғы жоспармызды тас-талқан етті» - дейді. «Тіпті соның кесірінен Алакөлдің шығысына ағылатын туристердің нөпірі тоқтап қалуы мүмкін», - дейді ашынғандар.

Артем Вершинин, демалыс орнының иесі:

- Қаулы шыққанға дейін біздегі жолдаманың 70 пайызы сатылып кеткен еді. Жаңа шектеу шаралары жарияланғанда тур сатып алғандардың шамамен 90 пайызы «мұндай талаптармен келіспейміз» деп, бас тартты. Біз ерте брондаудан түскен қаражатты нысандарды дайындауға, санитарлық талапты сақтауға жұмсадық. Азық-түлік сатып алынып, логистикалық қызметтердің ақысы төленді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, шектеуге сәйкес туристердің қатары демалыс үйіндегі жалпы орын санының 50 пайызынан аспауы тиіс және Алакөлдің шығыс жағалауына барғаныңда қолыңда COVID-19-дан тексерілген анықтама болуы шарт. Ал Қазақстан туристік қауымдастығы мұндай шектеулер экономикалық кедергілерге ұрындырады деп есептейді.

Рашида Шайкенова, Қазақстан туристік қауымдастығының директоры:

- Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының қазіргі эпидемиологиялық ахуалы бірдей. Бірақ Алматы облысы тарапынан мұндай талаптар жоқ болса, Шығыс Қазақстан облысында ғана бар. Осылайша Шығыс Қазақстан бұл маусымда туристерге қызмет көрсету мүмкіндігінен қағылғалы отыр.

Жағалауда жанға жайлы демалыстың көркін қыздыратын қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдерінен өзге туроператорлар да мүшкіл халге түскен көрінеді. Тіпті, амалы таусылған 150-ден астам кәсіпкер облыс әкіміне хат жолдап, тығырыққа тіреген екі тармақтың күшін жоюды өтініпті. Алайда облыс әкімдігіне күн ұзаққа сан хабарласып, жауап ала алмадық. Ал шектеу шаралары қажытқан кәсіпкерлердің кейбірі шығыннан қорқып, демалыс орындарын жабуды ойластырып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде