{metadescription}
Атыраудағы жойқын жарылыс: екеуінің жағдайы ауыр
Атыраудағы жойқын жарылыс: екеуінің жағдайы ауыр

Атыраудағы жойқын жарылыс: екеуінің жағдайы ауыр

Атырауда газ құю бекетінде жойқын жарылыс болды. Соның слдарынан 4 адам зардап шекті. Қазір олардың екеуінің жағдайы ауыр. Ал төтеншеліктер өрт сондағы мамандардың салғырттығынан болуы мүмкін деп отыр.

Газ цистернасының бір бөлігі оқиға орнынан шамамен 100 метр жерге ұшып кетіп, жақын маңдағы адамдардың үрейін ұшырды. Негізі жарылыс аумағында болғандар – газ тасымалдаушы көліктің жүргізушісі мен касса операторы. Оған қоса өрт сөндіруге келген екі құтқарушыны да қызыл жалын шарпып өтті. Дүмпудің жойқын болғаны соншалық, 70-100 метр қашықта тұрған нысандарға да әсер етті. Ал газ құю станциясынан түк қалмай, күлі көкке ұшты. Мамандар оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз дейді. Ал өртеніп кете жаздаған төрт адамның екеуі ауыр халде жатыр.   

Бекболат Қуанышев, Атырау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Біреуі 1959 жылғы ер азамат, екіншісі 1984 жылғы. Екеуінің жағдайлары ауыр. 19 84 жылғы азаматтың күйігі денесінің 90 пайызын құраса, 59 жылғы азаматтың күйігі 35-40 пайыз. Екеуінікі де 2-3 дәрежелі күйік болып есептелінеді. Жағдайлары қазір ауыр. Жан сақтау бөлімінде қажетті ем жүргізіліп жатыр. Екеуінің де санасы істеп тұр, сөйлесуге шамасы бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.