{metadescription}
Ербол Оспанов: Нұрсұлтан Әбішұлы – тәртіпті жолаушы
Ербол Оспанов: Нұрсұлтан Әбішұлы – тәртіпті жолаушы

Ербол Оспанов: Нұрсұлтан Әбішұлы – тәртіпті жолаушы

Назарбаев ешқашан штурвалды сұраған емес. Елбасының зейнеткерлікке шығып жатқан бұрынғы бас ұшқышы осыны айтты. Алматыда ертең 65 жасқа келетін әуе кемесінің командирі Ербол Оспановты әріптестері сән-салтанатпен зейнетке шығарып салды. Ол ұшақ командирі ретіндегі өзінің соңғы рейсін Boeing 767-мен Лондон-Алматы бағытында жасап, әуедегі қызметін аяқтады. 

Ербол Оспанов ұшқыш ретіндегі ең алғашқы сапарында гуманитарлық жүк жеткізген. Осы жолы да солай болды. Сонау 1972 жылы «Ан-2»-мен Шығыс Қазақстандағы Марқакөлге вакцина апарса, енді Боинг-767-мен Лондонға медициналық және қорғаныш заттары мен жасанды тыныс алу аппараттарын жеткізді. Сондай-ақ, рейс санын емес, «уақытты есептейміз» деген ол бүгінге дейін 21 мыңнан аса сағат әуе кеңістігінде болған. Ғұмырын осы салаға арнаған командирдің ерең еңбегін ұжымдастары да елеусіз қалдырмады. Ұшқышқа барлығы алғыс білдіріп, өзі қызмет еткен ұшақтың шағын үлгісін тарту етті.

Ербол Оспанов Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағының экипажын басқарған кезі туралы да айтып өтті.

Ербол Оспанов, ұшқыш:

- Маған 1995 жылдың сәуірінде Қытай мемлекеттік кеңесінің төрағасына Нұрсұлтан Әбішұлының жеделхатын жіберу тапсырылып, президенттің кабинетіне шақырды. Ал жанында Қасым-Жомарт Тоқаев отырды. Тоқаев ол кезде сыртқы істер министрі еді. Сол сапарымызда қазіргі президентіміз бізге аудармашы болып, Қытайдан жауап ретінде құттықтауын алып қайтқан болатынбыз. Жалпы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тәртіпті жолаушы болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде