{metadescription}
Коронавирус әлемге қалай таралып жатыр
Коронавирус әлемге қалай таралып жатыр

Коронавирус әлемге қалай таралып жатыр

Шет елдерге шығуға рұқсат. Жұқпалы дерт дендеп тұрғанына қарамастан, Ресей осындай шешім қабылдады. Бірақ ресейліктер тек оқуға, жұмыс бабымен және емделу мақсатында ғана шекара аса алады. Жалпы, көптеген елдер карантин талаптарын жеңілдетіп, қалыпты өмірге қайта оралып жатыр. Дегенмен бұл қадамнан қауіпті вирус жылдам таралып жатқан елдер де бар. 

Коронавирус әлемде 188 елге таралып үлгерсе, сол алғашқы үштікте АҚШ, Бразилия мен Ресей тұр. Соған қарамастан солтүстіктегі көршіміз пандемияда тарс шабылған шекараларын біртіндеп ашып жатыр. Нақтырақ айтсақ, бұдан былай ресейліктер оқуға, жұмыс бабымен және емделу мақсатында шет елге шыға алады. Айта кетейік, көрші елде науқас саны 500 мыңға жуықтады.

Оңтүстік Америка елдерінде де эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Қауіпті вирус Бразилияны әбден тығырыққа тіреді. «Экономикамыз құрдымға кетеді» деп алаңдаған аталмыш елдің билігі шектеу шараларын алуға мәжбүр.

Сүреңсіз статистикада бесінші орынға жайғасқан Үндістан мешіттер мен шіркеулерді ашуға сақадай-сай отыр. Бірақ құлшылық орындары санитарлық талаптарды орындауға міндетті. Үндістанда ауру жұқтырғандар 260 мыңнан асып, науқас саны бойынша Италияны басып озды.

Ал кәрі құрлықта коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеген. Франция, Испания сынды елдерде жұрт көшеге шығып, шағын және орта бизнес өкілдері сақтық ережелеріне тыңғылықты дайындалуда. Соңғы мәліметке сүйенсек, төрткүл әлемде індетке 7 миллионнан астам адам шалдықса, жұқпалы дерт 407 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде