{metadescription}
Пойыздарда сақтық шарасы қалай сақталады?
Пойыздарда сақтық шарасы қалай сақталады?

Пойыздарда сақтық шарасы қалай сақталады?

Қанатты кеңге салуға әлі ерте. Карантин режимі жеңілдеген соң сақтық шараларына немқұрайлы қарайтындар азаймай тұр. Әсіресе жұмысы жанданған вокзалда бетпердесіз жолаушылар көбейген. Желілік полиция басқармасы тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жазаға тартылатынын ескертеді. Карантин кезінде жолаушы тасуға қайта шыққан пойыздарда сақтық шаралары қалай сақталады?

Екі айдан артық тіршілігі сілтідей тынған вокзалдарда апта бұрын қайтадан қарбалас басталған. Жаздың алғашқы күні жолаушылардың пойызбен қатынауына рұқсат етілді. Бірақ талап әлі де қатаң.

Әдетте азан-қазан болып жататын вокзал ішінде қазір өлі тыныштық орнаған. Күту залында отырған жолаушылардың да қарасы аз. Басты себептердің бірі: шығарып салушылар вокзал ішіне жіберілмейді. Сонымен қатар сақтық мақсатында орындықтардың арасы әлеуметтік қашықтыққа бөлінген.

Қолында билеті бар, бірақ бетпердесі жоқ жолаушылар көп. Желілік полиция басқармасындағылар сақтыққа немқұрайлы қарамауды ұғындыру үшін тіпті арнайы акция өткізді.

Неге бетпердесіз жүрсіз? Не себеппен жүрсіз?

Билет алуға келгенмін.

Қоғамдық орында бетпердемен жүру керек. Бір жолға ескерту берейік.

Тегін бетпердеге қарқ болғандар енді вирустан қорғануға сақ болса игі. Қайта жүйіткіген пойыздағы тіршілік те қазір өзгеше. Жолсеріктер бір шеті санитарлардай. Әлсін-әлсін вагон ішін тазалайды. Жолаушылардың әрі-бері сандалып жүрмеуін қадағалайды.

Нұржамал Жылқыбаева, жолсерік:

- Былғанған сайын жиі жүргізген дұрыс қой. Жолаушыларға сырттан кірген кезде арақашықтықты сақтатамыз. Көбісінің одан хабарлары бар сияқты. Бетпердемен, резеңке қолғаппен кіреді.

Жазира Арынова, инспектор:

- Келіп-кетіп жатқан жалпы жолаушылардың пойызында біздің ілесіп жүру батальонының қызметкерлері бар. Солар да айтып жүр, іште жолаушылар пойызының ішінде ара қашықтықты сақтап, бұрынғыдай әжетханаларда кезекте тұру деген жоқ.

Карантиннің бір пайдасы – вокзалдағы ұрлық көрсеткіші сап тыйылған. Әзірге арбасын итеріп жүк таситындардан басқасы перронға жіберілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде