600 келіден астам бекіре аулаған – Атырау облысы
Атырау облысында 600 келіден астам бекіре балығын аулағандар ұсталды. Жылыой ауданының жаппай карантинге жабылып жатқанын оңтайлы пайдаланғысы келгендер Қызыл кітапқа енген балықты заңсыз аулаған.
Автор: Бекен Әлирахым
08.06.2020
Бекірені аулауға мүлде тыйым салынғанына қарамастан, облыс аумағында браконьерлік әлі күнге дейін өршіп тұр. Тәртіп сақшыларына 6 центнер қызыл балықты тәркілеу оңай емес. Дегенмен бұл жағдай аймақта браконьерлердің әлі де болса айылын жимай тұрғанынан айқын хабар береді дейді. Оларға қатысты«Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Гүлназира Мұхтарова, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Полиция қызметкерлерінің жедел арнайы жүргізген операциясы кезінде Құлсары-Атырау күре жолы бойында автокөліктен 600 келіден астам бекіре балықтары тәркіленді. Қазір осы дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!