{metadescription}
Қызы мен ұлын құтқарып, өзінің әл-дәрмені жетпей суға кетті
Қызы мен ұлын құтқарып, өзінің әл-дәрмені жетпей суға кетті

Қызы мен ұлын құтқарып, өзінің әл-дәрмені жетпей суға кетті

Балаларын құтқарамын деп опат болды. Солтүстік Қазақстан облысында 37 жастағы азамат Есіл өзеніне батып кетті. Отбасымен жағалауға демалысқа келген отағасы екі баласын құтқарып үлгергенімен, өзі судан аман шықпаған. 

Марат Мұратов, СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы:

- Балалар қас-қағым сәтте қараусыз қалған болуы мүмкін. Әуелі 2008 жылы туған қызын құтқарып, әйелінің қолына табыстаған. Кейін 10 жастағы ұлының судан шығуына көмектескен. Бірақ, өзінің жағаға шығуға әл-дәрмені жетпеген.

Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы оқиға Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ефимовка ауылының маңында болған. Отағасы отбасымен демалуға барған жағалауда суға түсуге тыйым салынған екен. Ал рұқсат етілген аймақ сол жерден небәрі 300 метр қашықтықта орналысыпты.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл суға түсу маусымы басталмай тұрып үш адам қаза тапқан. Төтеншеліктер өзен-көлді жағалағанда қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, арнайы су қоймаларында шомылу керектігін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.