{metadescription}
NQZ – Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың коды
NQZ – Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың коды

NQZ – Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың коды

Нұрcұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың коды ресми түрде қолданысқа енді. Бүгіннен бастап NQZ коды әуе билеттерінде, жүктердің барлық түрінің биркаларында, ақпараттық таблоларда көрсетілмек. Үш әріптік кодты өзгертуге ақша шығындалмаған.

Талғат Ластаев, ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

Шығын тек қана  уақыт. Біз жұмыс істедік. Негізі ІАТА-мен талай келіссөздер өткізілген. 2014 жылы мына жұмысты бастап ІАТА-ның талаптарын өзгерттік. Қазір басқа мемлекеттердің кодтарды өзгертуге мүмкіндігі бар. Біз бүкіл әлемге мүмкіндік аштық.

Ластаевтың «мүмкіндікті аштық» дегені, IATA позициясына қатысты. Яғни, ұйымның ережесіне сәйкес, әуежайға код бір рет берілгеннен кейін, қайта өзгертілмеуі тиіс. Алайда Қазақстан тарапы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының код бойынша ережесін толық өзгертуге көндіріпті. Бұл еліміздің басқа қалаларындағы әуежайлардың да кодын ауыстыруға жеңіл тимек. Мәселен, Кеңес Үкіметі кезінде берілген ескі код Атырау, Тараз, Ақтау қалаларына тиесілі. Авиация комитеті алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды IATA ұйымымен жалғастырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.