{metadescription}
Атырауда бекеттегі өртте күйіп қалған көлік жүргізушісі қайтыс болды
Атырауда бекеттегі өртте күйіп қалған көлік жүргізушісі қайтыс болды

Атырауда бекеттегі өртте күйіп қалған көлік жүргізушісі қайтыс болды

Атырауда өткен жұма күні өрттен күйіп қалған газ тасымалдау көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған еді. Сондықтан өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Марқұм Құрманғазы ауданының 34 жастағы тұрғыны. Артында төрт баласы мен бесінші перзентіне жүкті әйелі қалды. Отбасы Атырау қаласында пәтер жалдап тұрады екен. Қайғылы оқиға қала орталығындағы газ құю бекеттерінің бірінде болған еді. Автоцистерна жарылып, арты өртке айналған. Қайтыс болған жүргізушіден бөлек апат аумағында бекеттің операторы мен 2 өрт сөндіруші де зардап шекті. Төтеншеліктер өрт сондағы мамандардың  салғырттығынан болуы мүмкін деген қорытынды шығарды. Осы жағдайдан кейін құзырлы органдар облыстағы барлық жанар-жағармай бекеттерін жаппай тексере бастады. Ал өрт шалған төрт адамның тағы бірі әлі ауыр халде жатыр.

Бекболат Қуанышев, Атырау облыстық ауруханасы нейротерапия бөлімінің меңгершісі:

- Күйілген жерінің көптігіне байланысты, үлкендігіне байланысты 1986 жылғы туылған азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол түскеннен кейін 6-маусымда кешке қарай көз жұмды. Ал екінші науқас, 1959 жылғы, қазір жансақтау бөлімінде емін қабылдауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде