Халықты жұмысқа тартуға арналған түрлі бағдарлама бар
Елордада екі қолға бір күрек таба алмай сенделгендердің саны 6 пайызға өсуі мүмкін. Жұмыссыздардың көбеюіне астананың шенеуніктері де елде енгізілген карантинді кінәлап отыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
08.06.2020
Себебі, жұмыссыздар қатарын карантин кезінде жұмысы тұралап қалған кәсіпкерлік нысандарының қызметкерлері толықтырып отыр. Қазіргі уақытта бас қаладағы 83 жұмыс беруші 867 адамды жұмысынан қысқартуға ниетті. Оның ішінде 276 адамды жұмыстан қысқартуға тура келіпті. Бұл көрсеткіш жұмыссыздық деңгейін 6 пайызға өсіріп жіберген.
Айтып өтейік, жұмысынан айырылғандар әлеуметтік төлем ала алады. Ол үшін құжаттарды реттеп, жұмыспен қамту орталығына бару керек. Елорда әкімдігінің өкілдері халықты жұмысқа тартуға түрлі бағдарлама бар екенін мәлімдеді.
Азамат Байтасов, Нұр-Сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім жетекшісі:
- «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы. Алдын ала кәсіби даярлықты талап етпейтін еңбек қызметі. Ұзақтығы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Еңбекақы мөлшері 85 000 теңге. Келем деген азаматтарға орын бар. Ал жастар тәжірибесі бойынша жалақы мөлшері 89000 теңге. Қолға түсетіні 76 мың теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!