{metadescription}
0:000:00
Алматының емдеу мекемелерінде жаңа қызмет пайда болды  

Алматының емдеу мекемелерінде жаңа қызмет пайда болды  

Алматылық дәрігерлер коронавирустың жаңа толқынына дайындық жүргізіп жатыр. Өйткені СOVID-19 вирусының күзде қайта күшею қаупі бар дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Ал, жақын күндері Алматыдағы барлық емдеу мекемелерінде жаңа қызмет түрі пайда болмақ.

Камалжан Надыров, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Медициналық ұйымдардың ішіндегі инфекциялық қадағалауды күшейту мақсатында қаладағы барлық стационарда бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары қызметі енгізіледі. Бұл эпидемиологтардың мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға және стационардың инфекциялық ахуалды бақылауын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Бұл Камалжан Надыровтың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына келгеннен бері өткізген алғашқы брифингі. Бұған дейін өзі де коронавирус жұқтырған шенеунік жақында емделіп шыққан. Қаладағы қазіргі ахуалды саралаған Нәдіров жағдайдың әзірге тұрақты екенін айтады. Десе де Алматы еліміз бойынша қауіпті індет жұқтырғандардың арасында әлі көш бастап тұр. Қалада 2 мың 882 адам вирустың құрығына ілінсе, 1 мың 897 науқас ауруынан айыққан. Өкініштісі, коронавирустан көз жұмғандардың 10-ы – Алматы тұрғындары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде