{metadescription}
Ауру белгілері жоқ вирус таратушылар анықталды
Ауру белгілері жоқ вирус таратушылар анықталды

Ауру белгілері жоқ вирус таратушылар анықталды

Елімізде ешқандай ауру белгілері жоқ, бірақ жұртқа вирус жұқтыратын азаматтар саны артып барады. Соңғы бес күнде осындай 1357 адам анықталыпты. Мұндай науқастар, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында көбейген.

Оларда құрғақ жөтел, дене қызуы деген атымен болмайды екен. Сондықтан көбі өзінің жасырын түрде ауру таратып жүргенін сезбеуі де мүмкін дейді еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова. Десе де COVID-19-ға тест тапсыру кезінде ауру белгілері жоқ вирус таратушылар анықтала бастаған. Бірақ олар қоғамға аса қауіпті емес көрінеді. Сондықтан мұндай адамдар 14 күндік карантинге жатқызылмайды. Тек тұрғылықты мекенжайында учаскелік дәрігердің бақылауында болады. Тіпті ондай науқастар коронавируспен ауырғандардың ресми статистикасына да енгізілмеген.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас санитар дәрігері:

- Ауру белгілері жоқ науқастарды 3-маусымнан бастап ресми статистикаға енгізбейтін болдық. Өйткені олар аса қауіпті емес. Өзгелерге дерт жұқтыру көрсеткіші төмен. Десе де қосымша тізімге алып, бақылауда ұстаймыз. Олар 10 күннен кейін тест тапсырады. Егер нәтижесі теріс болса, ешқандай шектеу қоймаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде