Михаил Ефремов 12 жылға сотталуы мүмкін
Белгілі ресейлік актер Михаил Ефремов 12 жылға сотталуы мүмкін. Мәскеу көшесінде қарсы жолаққа өтіп жол апатын жасаған ол бір адамның өліміне себепші болып отыр. Жол талғамайтын көлік тізгіндеген өнер иесі сол сәтте мас екен.
Автор: Мақсат Мәлік
09.06.2020
Бейне камерадағы жазбада Михаил Ефремов мінген джип оңға бұрыла алмай, қарсы жолыққа шығып, алдындағы көлікпен бетпе-бет соғысады. Қатты жарақат алған шағын жүк көлігіндегі жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде жан тапсырған. Енді актер 12 жылға темір торға қамалуы мүмкін.
Айта кетейік, 56 жастағы Ефремов 190-нан астам фильм мен сериалға түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!