Жұрты Джордж Флойдты ақтық сапарға шығарып салды
АҚШ-та полицейдің қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдты жұрт ақтық сапарға шығарып салды. Хьюстон қаласындағы қоштасу рәсіміне елдің әр түпкірінен мыңдаған адам жиналды. Алайда коронавирус пандемиясына қатысты жиналғандарды шіркеу ішіне қатаң тәртіппен кіргізіп, халық нөпірі ұзын-сонар кезекке ұласқан.
Автор: Мақсат Мәлік
09.06.2020
Тұтқындау кезінде полицияның қатаң әрекетінен жан тапсырған қара нәсілді азаматтың өлімі АҚШ-та жаппай наразылық тудырған. Екі аптадан бері елдің әр қаласында көшеге шыққан тұрғындар нәсілдік кемсітушілік пен полицияның қатігездігіне қарсылық білдірді. Тіпті жаппай тәртіпсіздік барысында 11 мыңнан астам адам ұсталған. 20-дан аса адам қаза тапты. Ал Джордж Флойдты тұтқындаған сәтте оны 9 минут бойы мойнынан жерге басып тұрған, сөйтіп өліміне себепші болған экс-полицей Дерек Шовин ісіне қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Ол енді 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!