{metadescription}
Елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс статистикасы
Елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс статистикасы

Елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс статистикасы

Жыл сайын елімізде балаларға қатысты 2 мың қылмыс тіркелетіні қалыпты жағдайға айналды. Ал биылдан бастап балаларға қатысты зорлау мен басқа да қылмыстық жайттарға жаза күшейтілген – 20 жыл немесе өмірлік жаза арқалайды. Сондай қылмыстардың 70 пайызын баланың айналасындағы жақындары жасайды – өгей әкелері, көршісі  немесе таныстары. Ең өкініштісі, кейде ондай жағдайлар ұзақ уақыт бойы жалғасады. Ал кейбір отбасы өз арасында шешпек болып жасырып қалады.

Суицид те балаларға төнген тағы бір қауіп.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Жыл басынан бері 58 бала өзін өлімге қиса, 137-сі соған оқталған. Оның жартысы төтенше жағдай кезінде болған. Яғни, көп жағдайда отбасындағы қиындық себеп. Қазір әлеуметтік желілерде балалардың құқығын қорғау мәселесі қызу талқыланып жүр. Бірақ құр дақпырттан әрі аспайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.