{metadescription}
Елордада көшеде жұртқа пышақ ала жүгірген ер адам ұсталды
Елордада көшеде жұртқа пышақ ала жүгірген ер адам ұсталды

Елордада көшеде жұртқа пышақ ала жүгірген ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда жұртқа пышақ ала жүгірген жігіт ұсталды! Жүргізушілердің жолын кес-кестеген есерсоқты құрықтауға бір емес, бірнеше патруль шақыртуға тура келді.   

Таңғы сағат төрт шамасында жолдың қақ ортасына тұрып алған жігіт көліктердің алдынан шығып, оларға қарай пышақ ала жүгірген. Ерсі қылық көрсеткен тентектен жүргізушілер кері қашып, кейбіреуі, тіпті, жолдан не өтерін, не өтпесін білмей тұрып қалды. Абырой болғанда, бұл уақытта көше бойымен жаяу жүргіншілер жүрмеген. Бұзақы шақыртумен келген патрульдық полицияға да пышақпен тұра ұмтылды. Ақыры алты бірдей полицей жабылып жүріп ұстады. Тәртіп сақшылары одан пышақ пен қайрақ тартып алды. 29 жастағы қала тұрғынының мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде