Адвокат 72 жастағы анасын ұрып өлтірді – Нұр-Сұлтан
Елордада адвокат анасын ұрып өлтірді. Полицияның мәліметіне қарағанда, ауыр қылмысқа бармас бұрын Құмар Бердалин есімді азамат анасымен қатты жанжалдасқан. Бұл деректі айғай-шуды естіген көршілері растап отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
09.06.2020
- Пәтерінде ол қатты айқайлады. Әрі өзінің дауысы да зор.
Баласының қолынан өлген марқұм анасы 72 жаста екен. Қылмыс болған пәтер тергеу амалдарына байланысты қазір жабық. Сегізінші қабаттағы пәтер балконының терезесі де шағылған. Ал күдікті сот үкімімен 2 айға қамауға алыныпты. Көршілерінің айтуынша, Бердалин анасымен қатты жанжалдасып, қол жұмсаған. Зейнеткер сол соққыны көтере алмапты. Адвокат Құмар Бердалин Қарағанды облыстық адвокаттар коллегиясында тіркелген. Әріптестері оған қатысты мәлімет бергісі жоқ.
Адвокат болардан бұрын Бердалин әскери прокурор қызметін де атқарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!