{metadescription}
Сәбиімен биіктен секірмек болған әйелдің ақыл-есі тексеріледі
Сәбиімен биіктен секірмек болған әйелдің ақыл-есі тексеріледі

Сәбиімен биіктен секірмек болған әйелдің ақыл-есі тексеріледі

Көкшетауда көпбалалы ана 2 жасар баласымен бірге бесінші қабаттан секіріп өлмек болды. Зәресі ұшқан көршілері құтқару қызметіне хабар берген.

Сайланып келген құтқарушылар көлік баспалдағына шығып, жас келіншекті райынан қайтаруға тырысқанымен, ол сөзге көнген жоқ. Құтқарушыларға бесінші қабатқа шатырдан түсуден басқа амал қалмады. Альпинист құрылғыларын пайдаланып жоғарыдан төмен түскен кезде, әлі де екіленіп айғайлап тұрған әйел оларды байқамапты. Оның үстіне араққа сылқия тойып алса керек. Өйткені көршілерімен жанжалдасып, осындай әрекетке барған. Қазір екі кештің арасында жұртты әбігерге салған көпбалалы ананың ақыл-есі дұрыстығы тексеріліп жатыр. Балаларын ювеналдық полиция уақытша оқшаулау орталығына алып кетті.

Роман Шевченко, Ақмола облыстық ТЖД бөлімше басшысы:

- Әйел ешкімді тыңдамады. Сәбиді лақтыруға дайын болды. Жоғарыдан түсіп терезеге таяғанда ғана бізді бір-ақ байқады. Бар күшіммен секіріп, оны ішке қарай итеріп жібердім. Соның өзінде қарсылық білдірді. Екінші құтқарушы келіп есік ашты. Үйде тағы екі кішкентай бала бар екен. Олар осының бәрін көріп отырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде