Жол апатында бес адам өліп, екеуі ауруханаға түсті – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауруханада жатыр. 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып алдынан шыққан көлікпен соғысқан.
Автор: Жаңалық Ахаш
09.06.2020
Оқиға Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының маңында болды. «Тойота-Ипсум» көлігін тізгіндеген жігіттің өзі аман қалды. Ал ол қарсы соққан «Лада-Ларгус» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі мен бір жолаушысы сол жерде тілге келмей мерт болды. Тағы бес жолаушыны аудандық ауруханаға шұғыл жеткізгенімен, олардың үшеуін дәрігерлер аман алып қала алмады. Қазір қарсы жолға шығып кеткен «Тойота-Ипсуннің» жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары бес сағаттан бері оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!