{metadescription}
Теңгенің нығаю себебі
Теңгенің нығаю себебі

Теңгенің нығаю себебі

Теңгенің тұрақталуына екі түрлі жағдай әсер еткен. Бірі – әлемдік мұнай бағасының ептеп көтеріле бастауы, екіншісі – Ұлттық қордан сатылған шетелдік валютаның ықпалы. Ұлттық банк төрағасы төл ақшамыздың жағдайы неліктен нығая бастағанын осылай түсіндіріп отыр.

Ерболат Досаевтың айтуынша, әлемдік мұнай бағасының аздап өсуі Қазақстанның сауда серіктестеріне жақсы әсерін тигізген. Оның ішінде Ресей де бар. Ал рубльдің жағдайы тұрақталса, теңгенің де аяқтан нық тұратыны белгілі. Екінші жағдай – республикалық бюджетке кепілді трансфертті аудару үшін Ұлттық қордан жоспарға сай валюта сатылған. Оның үстіне, квазимемлекеттік компаниялар экспорттан түскен пайдасын сатып отырды. Мамыр айында сатқан доллар көлемі 156 миллион. Бүгін ақша айырбастайтын жерлер долларды 400-402 теңге аралығында саудалап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде