«Выгодный займ», «Гарант 24 ломбард», «ESTATE ломбард»: Жұрт шығыны 8 миллиардтан асады
«Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард» және «ESTATE Ломбард» шағын несие ұйымдарына алданған жұрттың жалпы шығыны 8 миллиард теңгеден асады. Оны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі жылдық есеп беруінде айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.06.2020
Бұл компаниялардан бүкіл ел бойынша жалпы саны 39 мың салымшы зардап шеккен. Көбінің қазір материалдық жағдайы қиындап кетіпті. Ал алаяқ компаниялардың үш құрылтайшысы мен 25 өңірлік филиал басшысы бүгінде ұсталып, тергеліп жатыр. Тағы сондай 7 филиал басшысына іздеу жарияланған.
«Гарант 24 Ломбард» иесі Аслан Мырзабеков 27-ақпанда Молдова астанасында полицияның қолына түскен еді. Ал 28-ақпанда «Выгодный займ» қожайыны Жанболат Есіркепов Қазақстан мен Ресей шекарасында қолға түсті. Үшінші құрылтайшы – «ESTATE Ломбард» иесі Әсет Ысқақов наурыздың 11-інде Қырғызстанда ұсталғаны анықталды. Жалпы қылмыстық істер бойынша 42 адам жауапқа тартылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!