{metadescription}
Махаббат адамға не істетпейді – «Базар жоқ, Мексика» комедиясына асығыңыз
Махаббат адамға не істетпейді – «Базар жоқ, Мексика» комедиясына асығыңыз

Махаббат адамға не істетпейді – «Базар жоқ, Мексика» комедиясына асығыңыз

Ғашығы үшін Мексикаға дейін барған қазақ! «Жанай» кинокомпаниясы кез келген адамды қызықтырып, делебесін қоздыратын «Базар жоқ, Мексика» комедиясын ұсынады. Фильм қауіп-қатерге қарамастан, наркокартельдің арасына барып, сүйген қызын елге алып қайтпақ болған қазақ жігіті жайлы. Шым-шытырыққа толы туынды 15-маусынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Ерлан ауылдың қарапайым баласы. Мексикаға оқуға кеткен сүйіктісін қаннен-қаперсіз күтіп жүрген. Алайда оның сонда басқа жігітке тұрмысқа шыққалы жатқанын естіп, бірден жолға шығады. Шыжыған ыстық пен қауіп-қатерге толы елге жігіт жан досын бірге ертіп кетеді. Ағылшын тілін білмейтін жігіттердің шытырман оқиғасы әуежайдан түскенде басталады.

Басты рөлдегі актерлердің бірі – Қажет Смағұл. Қасы, мұрты мексикалықтарға ұқсайтын актер мұхиттың ар жағына жер аударған қазақты сомдайды. Осы рөлге бола шашын боятқаны былай тұрсын, режиссер құлағын тесіп, сырға таққызбақ болыпты.

Қажет Смағұл, актер:

- Мексикалық ұлттық киімде әдемі болып тұрды. Мұртым былай, сақалым мына жерге дейін. Әп-әдемі. Кәдімгі мексикалық. Құлағыңа үлкен сырға жетіспейді дегенде, аузым ашылып қалды. «Қой, жай ма сенікі, ер адам құлақ тесіп, жоқ, теспеймін» - дедім. Сол күйі тестірмей қойдым. «Қыз боп қалсам, құрысын, жоқ, рақмет» - дедім.

Ақыр соңында сырға тағуына тура келіпті. Бірақ, құлағын теспей, қысып тұратын әшекей таққан.  

- Мексикаға қош келдің! 

- Рақмет! Досым Ерлан, танысып қой!

- Ассалаумағалейкум! Қалайсың, Ерлан?

- Жақсы, рақмет, өзіңіз?

Ал махаббаты үшін Мексикаға барған жігіттің рөлінде – Асқар Ілиясов. Талай қыздың арманына айналған актер жарты фильм бойы терлеп-тепшіп жүгірумен болыпты.

Асқар Ілиясов, актер:

- Көп жүгірдік. Үш ауысым болған шығар. Біраз қалжырап қалдық. Бірақ ағамыздың қасында жап-жас боп шаршаған – ұят.

Ал кино Мехико мен Пуэбла қалаларында түсірілген. Соңғысы төрт бірдей жанартаудың ортасында орналасқан, жан-жағы шөл мен тікенге толы. Ол тікен актерлердің аяғына кірген. Бәрін айт та, бірін айт, жігіттер өмірінде алғаш рет бұған дейін тек кинодан көріп жүрген наркокартельдерді өз көзімен көрген.

Қажет Смағұл, актер:

- Отельде жатқанда көріп қалдық. Бәрі біздің ауылдың жігіттері сияқты. «Біз тек мексикалықтар ғана мыңқ етпес десек, сіздер бізден асып түстіңіздер» - деп айтқан болатын. Жаман ауру келіп, халықтың бәрі үйде отырып қалды ғой. 15-маусымнан бүкіл кинотеатрлар ашылып, халқым кинотеатрларға барып, бір беймарал демалып қайтса екен деп отырмын. Махаббаттың не екенін көресіздер, махаббаттың не істетпейтінін көресіздер! Махаббат үшін адам бәріне барады екен ғой!

Қазақтардың Мексикадағы бастан кешкен шытырман оқиғасы немен аяқталғанын білгіңіз келсе, кинотеатрға асығыңыз. Кино осы айдың 15-інен бастап прокатқа шығады. Тек көтеріңкі көңіл-күймен медициналық бетпердеңізді ұмытпаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде