Семейде өртенген қонақ үйдің ішінде бес адам қалып қойған
Семейде монша кешенінің ауласындағы қонақ үй отқа оранды. Төңірегіне лезде тараған оттың ішінде 5 адам қалып қойыпты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
10.06.2020
Оның төртеуі зардап шекті. Екі адам терезеден секіріп аяғын сындырса, қалған үш адамды өрт сөндірушілер құтқарған. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 29 жастағы келіншек аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ол қонақ үйдің қызметкері ме, әлде клиенті ме, бұл жағы әзірге айтылмады. Ал от екінші қабаттағы бөлмелердің бірінде тұтанған.
Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:
- Өртте екі нұсқа қойылып отыр: ашық отты байқамай пайдаланған немесе мас күйде шылым шеккен. Өртті сөндіруге қалалық өрт сөндіру жасағынан 6 техника, бір сатыағаш және 27 жеке құрам жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!