Министр: Түлектердің уақыты мен ақшасы үнемделеді
Биыл қазақстандық студенттер электронды диплом алады. Білім министрлігі жаңа жүйенің енгізілуі түлектердің уақыты мен ақшасын үнемдейді деген сенімде.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.06.2020
Өйткені жұмысқа орналасатын кезде әрбір азамат дипломды растау үшін уақыты мен қаражатын көп шығындайды. Мәселен, бір жылда Білім министрлігіне 500 мыңдай дипломды растау туралы өтініш түсіпті. Жұмысты жеңілдету мақсатында жауапты орган дипломдарды сандық форматқа көшіруді бастаған. 1992 жылдан бергі екі жарым миллион дипломды цифрландырыпты. Бұл бағыттағы жұмысты биыл аяқтауды уәде еткен министрлік электронды дипломдарды онлайн тексеруге мүмкіндік бермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!