{metadescription}
Ақтаулық үлескерлер миллиондап салған ақшасын да, пәтерін де ала алмай жүр
Ақтаулық үлескерлер миллиондап салған ақшасын да, пәтерін де ала алмай жүр

Ақтаулық үлескерлер миллиондап салған ақшасын да, пәтерін де ала алмай жүр

Ақтаулық үлескерлер бүгін облыстық әкімдіктегілердің есін шығарды. «Махаббат» тұрғын үй кешеніне миллиондап ақша салып, үш жылдан бері не пәтерін, не ақшасын ала алмай жүрген 40-тан астам тұрғын Маңғыстау облысының басшыларын сұрақтың астына алды. Құрылыс компаниясының кешенді салуға рұқсаты болса да, сатуға мүлдем құқы болмапты. Мұны енді білген үлескерлер мердігер мен бірге әкімдіктегілерге тез арада мәселені шешуді талап етті.

Тәттігүл Торғаева, үлескер:

- Қалай әкімдік мынадай құртақандай қала – Ақтауды білмейді?! Қаланың қақ ортасында салынып жатқан үйге рұқсат жоқ дейді. Тіпті 7-ші қабаты көтеріліп қалды. Қалған 2 подъездің тек бес қабаты көтеріліп тұр. Әкімдікке таң қаламын, қалай қадағаламайды? Олардың өз үлесі бар ма сонда?

400 пәтерден тұратын тұрғын үй кешенінің алғашқы легі осыдан екі жыл бұрын берілуі керек болған. Ал, қалғанын құрылыс компаниясының басшылығы 2019 жылдың соңына дейін бітеді деп ант-су ішкен екен. Алайда екі жыл бұрын берілуі керек үйдің құрылысы әлі жүріп жатыр. Ал тұрғындарға былтыр тапсырылуы тиіс кей корпустың құрылысы әлі басталмапты. Мердігер компания пәтерлерді сатуға рұқсаты болмағанын үлескерлерге айтпаған да. Тіпті осы үшін 400 мың теңге айыппұл төлеп құтылыпты. Ақшасын қайтып алам деген үлескерлерге 200 мың теңгеден бөлшектеп қана беріп жатқан құрылыс компаниясы жұмыстардың созылып, құрылыстың тоқтауына енді коронавирусты кінәләп отыр. Үлескерлерге кезекті рет уәдесін берген компания басшысы енді тұрғын үйді қыркүйек айында беруді жоспарлағанын айтады.

Серік Капетов, құрылыс компаниясының директоры:

- Біз құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындарды тартқамыз жоқ. Құрылысшыларымыздың барлығы Қарақалпақстан, Тәжікстан азаматтары. Шекара екі айдан бері жабық болғандықтан, жұмыс істейтін адамдарымыз да болмады. Қазір жұмысшыларымыз шекарада күтіп тұр. Бері қарай өтсе, жұмысты жалғастырамыз.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.